
ЖЭК дамытудың өзекті мәселелерінің бірі желідегі интеграция болып табылады
Энергия жүйесінің тұрақты жұмысының негізгі технологиялық қағидаты – уақыттың әрбір жеке сәтінде генерацияның және үнемі өзгеріп отыратын тұтыну қажеттілігінің тепе-теңдігін сақтау. Бұл ретте ЖЭК пен бөлінген генерацияның қарқынды дамуы, электр көлігін енгізу электр жүктемесін жабу кестесінің барған сайын құбылмалылығына алып келеді және олардың энергия жүйесін реттеуді қамтамасыз ету жөніндегі мүмкіндіктері бөлігінде дәстүрлі генерацияға қойылатын талаптарды арттырады.

Осылайша, электр жүйесінде белгілі бір сағаттарда тұрақтылықтың бұзылуы, желілердің рұқсат етілген мәндерден жоғары жүктелуі, кернеу мен жиіліктің ауытқуы, электрмен жабдықтау сенімділігінің жалпы төмендеуі мүмкін.
Энергияны жинақтау жүйелерін (BESS) қолдану жоғарыда аталған проблемаларды ішінара немесе толығымен шеше алады. Осы орайда Қазақстан Республикасында бірнеше жыл бойы ҚР БЭЖ-де теңгерімдеу мәселесін шешу үшін ЭЖЖ қолдану мәселесі талқылануда.
2025 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы тарихында «Қазақстан энергетикасында BESS жүйелерінің рөлі» тақырыбында алғашқы халықаралық іскерлік конференция өтеді
Конференцияны «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, Total Energies компаниясы және Nazarbayev University ұйымдастырды.



Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ, «КОРЭМ» АҚ, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері, отандық және шетелдік инвесторлар, ғалымдар, сарапшылар және энергия жинақтау жүйелерінің зерттеушілері қатысады.
Конференцияның бірегейлігі – іс-шараға BESS энергия жинақтау жүйесінің жетекші өндірушілері – саланың әлемдік көшбасшылары Huawei, Sungrow, Envision Group, SAFT компаниялары қатысады. Қатысушылар арнайы көрмеде, сондай-ақ конференцияның жұмыс сессиялары аясында компаниялардың жетістіктерімен таныса алады.