BESS Қазақстанда энергетикалық трансформацияның драйвері ретінде: технологиялар, заңнама, перспективалар
QAZAQ GREEN. 2025 жылғы 28 мамырда Назарбаев Университетінде «Қазақстан энергетикасында BESS энергияны жинақтау жүйелерінің рөлі» атты халықаралық конференция өтті.Іс-шараға 300-ден астам қатысушы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші халықаралық компаниялар, ғылыми орталықтар, технологиялық көшбасшылар мен инвесторлар қатысты. Конференцияны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдауымен Назарбаев Университеті, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы және TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясы ұйымдастырды.