📅 2025 жылғы 28 мамыр, Астана қаласы, Nazarbayev University
Құрметті әріптестер, Сіздерді 300-ден астам қатысушыны: министрліктердің, халықаралық компаниялардың, инвесторлардың, зерттеушілер мен технологиялық көшбасшылардың өкілдерін жинайтын «Қазақстан энергетикасында BESS энергияны жинақтау жүйелерінің рөлі» халықаралық конференциясына шақырамыз.
Іс-шара ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды, ұйымдастырушылар: Nazarbayev University, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, TotalEnergies Renewables Kazakhstan компаниясы. Конференция еліміздің «жасыл» трансформациясының келесі кезеңін талқылау үшін негізгі алаң болмақ.
Негізгі тақырыптар:
- BESS жүйесі ҚР Бірыңғай энергожүйесінің сенімділігі мен икемділігін қалай күшейте алады?
- АҚШ, ЕО және Азияда қандай технологиялар мен бизнес-модельдер қолданылады?
- Ауқымды енгізу үшін қандай заңнамалық және экономикалық шарттар қажет?
- Сирек жер металдары мен жергілікті өндіріс қандай рөл атқарады?
- Неліктен жинақтағыштар – қарапайым «батареялар» ғана емес?
Қатысушылар мен спикерлер арасында:
- Сұңғат Есімханов, ҚР энергетика вице-министрі
- Профессор Вакар Ахмад, Nazarbayev University президенті
- Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
- Нәби Айтжанов, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы
- Гүлжан Нәлібаева, «ЖЭК қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» бас директоры
- Тьерри Мюллер, VP TotalEnergies Renewables
- Седрик Дюкло, CEO Saft
- Фарис Абуяги, Envision
- Карлос Ортега, Huawei
- Энтони Гао, Sungrow
- Профессор Жұмабай Бәкенов, Nazarbayev University, NU жанындағы NLA Энергетика және жаңа материалтану орталығының директоры
- Нұрлан Қапенов, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы
- Сондай-ақ Қазақстан, Оңтүстік Корея және Францияның жетекші ғалымдары мен сарапшылары
Конференцияда Қазақстандағы алғашқы «WHITE PAPER» – Қазақстан БЭЖ-де BESS энергияны жинақтау жүйелерін қолдану» – Qazaq Green және Huawei дайындаған, энергияны жинақтау алдағы жылдары елдің энергетикасын қалай өзгерте алатыны туралы талдамалық шолу ұсынылады.
Конференция барысында ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою жоспарланған:
- ҚР Энергетика министрлігі, ОАЭК, Huawei және Qazaq Green арасында
- Huawei мен Qazaq Green арасында – BESS бойынша пилоттық жобасын іске қосу туралы
📰 БАҚ үшін:
- Баспасөз конференциясы және ресми тұлғалардың түсініктемелері (13:00 сағат)
- Фото және бейнетүсірілім
- Негізгі спикерлерге сұрақтар қою мүмкіндігі
- Синхронды аударма (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
- Кофе-брейк, түскі ас және бейресми қарым-қатынас
📧 БАҚ аккредиттеу: https://bess-forum.kz/media-czentr/registracziya-smi/,
пошта info@bess-forum.kz, Тел.: + 7 702 403 72 64
🌐 Толығырақ және бағдарлама: www.bess-forum.kz